RU
Рейске кешігіп, ұшақтың есігін жұлқылаған жолаушы елдің ішек-сілесін қатырды
Жаңалықтар Әлемде

Рейске кешігіп, ұшақтың есігін жұлқылаған жолаушы елдің ішек-сілесін қатырды

Рассказать Вконтакте

Рейсіне кешігіп қалған саяхатшылардың бірі ұшақтың есігін сындырып кірмек болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мельбурн әуежайына баса көткеп кірген жолаушы, рейсіне бірнеше сағатқа кешігіп қалғанын түсінгісі келмеген.

Ол тура әуежай ғимаратында темекі шегіп, артынша күзеттің ескертуіне мән берместен, алғашқы ұшаққа қарай беттеген.

Жігіт өзін тоқтатпақ болған әуежай қызметкерлерін итеріп жіберіп, ұшақ есігін сындыруға кіріседі. Қызметкерлер оны тоқтату үшін кішігірім жарақаттар алып үлгерген.

Ақыры ашуға булыққан азаматты полиция тоқтатып, қамауға алды. Ал қосымша тексерістен өткен ұшақ әуеге көтерілген.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
4
1
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір