RU
Канн фестивалінде қазақша сөйлеген Самал Еслямова елді тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Канн фестивалінде қазақша сөйлеген Самал Еслямова елді тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Канн фестивалінде ең үздік әйел рөлін жеңіп алған қазақ қызы Самал Еслямова марапаттау кезінде ұлттық нақышта киініп, сөзін қазақша бастады. Оның қазақ қызына тән ұяңдығына, ана тіліне деген құрметіне тәнті болған ел жылы лебіздерін аямады деп хабарлайды NUR.KZ.

Канн фестивалінде қазақша сөйлеген Самал Еслямова елді тәнті етті (видео)

Самал Еслямова. Фото: РИА Новости

Жеті жыл бойы бір кинокартинаға түсіп, Канн фестивалінде еңбегі еленіп, үздік әйел рөлін жеңіп алған Самал Еслямова отандастарын қуантып тастағаны белгілі. Марапаттау рәсімінде сахна төріне шыққан Самал қатты толқып, алғысөзді қазақ тілінде бастаған.

Бүгінде Самалдың есімі отандық БАҚ беттерінен түспей, ол туралы желі қолданушылары жаппай жазып жатыр.

"Канн кинофестивалінің үздік актрисасы атанған қазақ қызы Самалды француздың каналы көрсетіп жатыр. Құтты болсын!

Ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" фильмінде қырғыздың рөлін сомдаған Қызылжардың қарапайым ғана қазақ қызы Самалдың сабырлығы, ұстамдылығы, ұлттық нақышта киінген қазақы қалпы ұнады.

Әлемді мойындатып, Канн кинофестивалінің ең үздік актрисасы атану үшін еңбек және мінез керек екен. Арзан комедияның бәрінен қалмай түсе беру міндетті емес. Жарайсың, Самал", - деп жазды журналист Мәди Манатбек өзінің желідегі парақшасында.

Ал "Балапан" телеарнасының басшысы Мақпал Жұмабай болса: "Самал мен сияқты өнердің әр саласында жүрген жүздеген адамның жүрегіне жалын берді. Бәрі өзгереді! Енді қазақ өнері бұрынғыдай болмайды", - деп жазды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
2
3
175
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel