RU

Бұрынғы бас мүфтидің Алматыда зәулім сарай сап жатқаны рас па? (видео)

Әлеуметтік желіде діни басқарманың бұрынғы басшысы Алматы қаласынан өзіне зәулім үй салып жатыр деген ақпарат пайда болды. Whatsapp және Facebook желілерінде бұрынғы муфти үйінің видеосы таралып, қызу талқыға түскен деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz: UGC

2017 жылдың 8 желтоқсанына дейін бас мүфти қызметінде болған Ержан Маямеровтың басы дауға қалды.

Желіге жүктелген видеода бұрынғы діни қызметшінің "Горный гигант" шағын ауданында зәулім сарай салып жатқаны туралы айтылған.

Бейнежазбаны көлік жүргізушісі түсіргені анық. Ол кетіп бара жатып салынып жатқан үйдің Ержан қажыға тиесілі екенін мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты еліміздің діни басқарма өкілдері пікір білдірген. Олардың айтуынша, зәулім үйдің Ержан Маямеров пен діни басқармаға мүлдем ешқандай қатысы жоқ.

"Негізінде ол үй танымал кәсіпкер Бахридин Әблазимовтың жекеменшігі. Ол кісі білетініміздей Қазақстанның ең бай адамдарының қатарына кіреді. Бұл үйдің өзіне тиесілі екенін керек болса оның өзі растайды", - деп мәлімдеді басқарма өкілдері.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бұл әрекеттердің қасақана дін қызметшілерін қаралау үшін жасалғанын айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1733104-bryngy-bas-mftidi-almatyda-zulim-saraj-sap-zatkany-ras-pa-video.html