RU
Астана аспанында дауылдан соң "Алла" деген жазу пайда болды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астана аспанында дауылдан соң "Алла" деген жазу пайда болды (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының оқырманы редакцияға хабарласып, Астана қаласындағы дауылдан соң аспанда "Алла" деген жазуды байқағанын жеткізген.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

Бейнежазба авторының сөзіне сүйенсек, ол бұрындары видеодан осыған ұқсас құбылыстарды көріп, сенбей жүрген екен. Алайда оны өз көзімен көргенде бірден видеоға түсіріп, басқаларға да көрсетейін деп шешіпті.

"Мен құдайға сенетін адаммын. Сондықтан қаладағы дауыл да Алланың қалауымен болды деп ойлаймын. Видеода анық көрініп тұрғандай, ол бізге белгі беріп жатыр. Біз ол туралы ұмытпауымыз керек", - дейді азамат.

Еске салсақ, 22 мамыр күні, түстен кейінгі уақытта Астанада ауа райы күрт өзгеріп, алапат дауыл санаулы минуттардың ішінде елорданы орап әкеткен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
10
3
1
7
49
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel