Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың етін шаң қаптырған қырғыздардың бешбармағы Гиннесстің рекордтар кітабына енді (фото)

Опубликовано:

Бішкекте биыл 11 наурызда әзірленген қырғыз халқының ең басты тағамы - бешбармақ Гиннесстің рекордтар кітабына ресми түрде енді. Ұлттық тағамның салмағы 1 464 келі болған деп хабарлайды Орталық Азиның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: centralasian.org
Фото: centralasian.org: UGC

Бішкекте өткен аспаздық шараны елдегі бірнеше қоғамдық ұйымдар бірлесіп ұйымдастырған. Ұйымдастырушылар осыған дейін қазақстандықтар жеткізген рекордты басып озамыз деп мақсат қойған.

Айта кетейік, 2015 жылы Елордада Астана күніне арнап салмағы 736,5 келі ет пісірілген.

Сонымен бірге 11 наурызда Бішкекте ұзындығы 117 метр болатын қазы дайындалған. Бастапқыда ұйымдастырушылар 100 метрлік шұжық пісіреміз деген, бірақ олар бұл жолы да қазақтарды басып озуды көздеген.

Еске сала кетейік, қазақ аспаздары 100 метрлік қазы әзірлеп Гинесстің рекордтар кітабына енген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1734020-kazakty-etin-sa-kaptyrgan-kyrgyzdardy-besbarmagy-ginnessti-rekordtar-kitabyna-endi-foto/

pixel