RU

5 миллион: Тұрсынбек Қабатовтың гонорарын естіген жігіт талып қала жаздады

Тұрсынбек Қабатовтың бір тойды жүргізіп беруге алатын ақысы - 5 миллион теңге. Әзілкешті тойына шақырғысы келген жігіт бұл бағаны естіп талып қала жаздаған деп хабарлайды "Хит-ТВ" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Тұрсынбек Қабатов. Фото-коллаж: NUR.KZ
Тұрсынбек Қабатов. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Қабатовтың бұл ісін әріптестері де, той иелері де сынап тастады.

"Бұл 5 миллион деген баға, миға сыймайды. Түсінбедім?! Бұны жағдайы бар адамдар жасар. Ал қарапайым халық көргісі келеді ғой, оны. Соларға қарап кейінгі "жұлдызсымақтар да" бағасын көтеріп жібереді ғой", - деп ашынды Әділет Қайратұлы есімді жігіт.

Сондай-ақ, тележүргізуші Тахир Сұлтан Тұрсынбектің бұл ісін тәлпіштікке балады.

"Тұрсынбек мырзаның ісі соған лайық болса, шықсын. Бірақ, 5 миллион теңгеге асаба жалдап, той жасау ысырапшылық деп ойлаймын", - деді тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734573-5-million-trsynbek-kabatovty-gonoraryn-estigen-zigit-talyp-kala-zazdady.html