RU
Қазақстандағы ең танымал әрі дарынды балалар кімдер?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандағы ең танымал әрі дарынды балалар кімдер?

Рассказать Вконтакте

Психолог мамандардың айтуынша, әрбір балада жасырынған талант пен дарын болады. Тек оны ашып, дұрыс бағытты көрсету - ата-ананың міндеті екен. 1 маусым - балалар күні мерекесінде NUR.KZ порталы еліміздегі ең дарынды, көпке үлгі бола алатын танымал балалар туралы ақпарат жинап көрді.

1. Нұрмұхаммед Ибрахим - Жас әнші Мейрамбек Беспаевты танымал еткен «Бозторғай» әнін өте жоғары дәрежеде орындап, көптің көңілінен шықты.

Қазір өзі де түрлі ән жаздырып, бейнебаяндарын түсіріп жүр. Балақайдың әлеуметтік желідегі парақшасына 260 мыңға жуық адам жазылған.

2. Әмина мен Әдия Малғаждар - "Аминка Витаминка" деген атпен үлкен-кішінің жүрегін жаулаған кішкентай арулар. Бірінші сыныпты енді ғана бітірген Әмина өзінің сіңлісімен бірге желінің жарық жұлдызына айналып үлгерген.

Фото: voxpopuli.kz

Фото: voxpopuli.kz

Бүлдіршіндердің әртістік қабілетін бағалайтын жұрт олар түскен вайндарды үзбей көреді. Әсіресе, қыздардың ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты айнытпай салуы - көпшіліктің көңілінен шыққан.

3. 10 жасқа енді ғана толған әнші қыз Амина Сансызбай. Ол Ресейдің "Голос" байқауына қатысып, ақтық сынға дейін шетел сахнасында өнер көрсетті.

Ән айтуды төрт жасында бастаған қыз бимен және каратэ спортымен де шұғылданады екен.

4. Ілияс Тоқтархан - Астаналық есептегіш бала. Ол “Россия 1” арнасының эфиріндегі “Удивительные люди” жобасында бағдарлама редакциясы дайындаған үш сынақтан да сәтті өтті.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

5. Софи Манассян - кіп-кешкентай биші қыз халықаралық жарыстарда топ жарып, еліміздің атын әлемге танытып жүр. Ол Beauty Queen International USA конкурсында бірінші орынды иеленген.

Софи би билеп қана қоймай, музыкамен әуестеніп, түрлі аспаптарда ойнайды. Оның әлеуметтік желідегі парақшасына 400 мыңға жуық адам жазылған.

6. Жандәулет пен Нуни атты жас өнерпаздар. Балақайлардың қай өңірде тұратыны туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда желіде олардың "Жеңешем" әнін орындап, хит болғанын байқауға болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
12
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel