Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрі елімізде менингиттен қанша адам қаза болғанын айтты

Опубликовано:

Бүгін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясынан көз жұмғандардың нақты санын атап берді деп жазады NUR.KZ.

фото: primeminister.kz
фото: primeminister.kz: UGC

Министрдің сөзіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда бактериялы менингитке шалдыққан 58 адам анықталған. Оның ішінде 18 науқас жасы 14-ке толмаған балалар екен.

Ағымдағы жылы жұқпалы індеттен 12 адам мерт болса, оның бесеуі 14 жасқа дейінгі балалар болып отыр.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, 2013 жылы осы аурудан 18 адам, 2015 жылы 21 адам, 2016 жылы жеті науқас көз жұмыпты.

"Аурудың таралу деңгейі мен өлім саны орташа, бұрынғы шамадан аспадық", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1735289-densaulyk-saktau-ministri-elimizde-meningitten-kansa-adam-kaza-bolganyn-ajtty/

pixel