RU
Дүкеннен әйелдердің іш киімін ұрлаған жігіт көпшіліктің көңілін босатты
Жаңалықтар Әлемде

Дүкеннен әйелдердің іш киімін ұрлаған жігіт көпшіліктің көңілін босатты

Рассказать Вконтакте

Бішкекте әйелдердің іш киімі мен кірпікке арналған бояуды гипермаркеттен ұрламақ болған ер адам құрықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы kaktus.media сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұрлау. Көрнекі фото: gorsovet.com.ua

Ұрлау. Көрнекі фото: gorsovet.com.ua

6 337 сом тұратын түрлі бұйымдарды ұрлаған азамат қылмыс үстінде ұсталған.

Белгілі болғандай, ол келесі заттарды қолды қылмақ болған: бес флешкарта, телефонға арналған сым мен аккумулятор, кірпікке арналған бояу, макияжға арналған жақпамай, балаларға арналған бірнеше шұлық пен әйелдерге арналған іш киім.

Алайда гипермаркет сатушылары ер адамның үстінен сотқа шағымданудан бас тартыпты.

Көпшілік бұл заттарды ұрлаған ер адам бірінші кезекте отбасы мүшелерінің қамын ойлады деген пікірде.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel