Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Самая вышка: Әншілердің ұрлығын әшкерелеген Нұртас Адамбай "сауапқа" кенелді

Опубликовано:

Биылғы жылдың хит әніне айналған "Самая вышка" әнінің плагиат екенін әшкерелеген Нұртас Адамбай енді әнді орындаушылары Раим мен Артурға сатып алып берді. Бұл жайында продюсер Instagram парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұртас Адамбай, Раим мен Артур. Фото-коллаж:NUR.KZ
Нұртас Адамбай, Раим мен Артур. Фото-коллаж:NUR.KZ: UGC

Ол қасиетті Рамазан айында жақсылық жасағысы келгенін де жасырмады.

"Достар, қасиетті Рамазан айында өзгелердің ісін әшкерелеген дұрыс емес. Сондықтан мен үлкендігімді көрсетіп, Раим мен Артурдың түйінді мәселесін шешір беруді жөн деп таптым. Яғни "Самая вышка" трегінің авторлық құқығын жігіттерге сатып алып бермекпін. Бұл әннің заңды құқығы бар болғандықтан, клип біздің Youtube арнамыздан да, "Гәкку" арнасынан да өшірілмейді", - деп мәлімдеді Нұртас Адамбай.

Алайда желі қолданушылары продюсердің бұл ісін түсінбей дал болды.

"О баста сатып алып беретін болсаңыз, несіне сонша дау тудырдыңыз?", "Бүкіл Қазақстанға плагиат деп жар салып, одан кейін сатып алып бергеніңізде қандай мән бар?", "Бұл кезекті жарнама ма?", "Сізден бұрын Артур мен Раим әнге авторлық құқығы бар екенін дәлелдеп қойды ғой".

"Не үшін бұлай жасағаныңызды түсіне алар емеспін. Алдымен тыныш жүрген жігіттерді қаралайсыз. Артынша оларды өзіңіз ақтап аласыз", "Сізге де қара пиар керек болып жүр-ау" деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1735644-samaa-vyska-nsilerdi-rlygyn-skerelegen-nrtas-adambaj-sauapka-keneldi/

pixel