Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елудегі анасының өзінен 15 жас кіші жігітпен кездесіп жүргенін білген ару жанайқайын айтты

Опубликовано:

Алматылық бойжеткен анасының жас жігітпен көңіл қосып жүргенін біліп қойған. Осы оқиғадан соң анасы үйден кетіп қалған қыз, желіде ел-жұрттан көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: tw.gigacircle.com
Көрнекі фото: tw.gigacircle.com: UGC

Бойжеткеннің сөзінше, елу жастағы анасы өзінен он бес жас кіші жігітпен кездесе бастаған. Отыз беске енді толған жігіттің әйелі мен балалары бар болып шыққан. Дегенмен, арудың анасын ештеңе тоқтатар емес. Тіпті, анасына ренішін де жеткізіп көрген, бірақ еш нәтиже шықпаған.

"Анама жас жігіт керек емес деп ренжіп айтып көргенмін, бірақ ол үйден кетіп қалды. Аға жеңгелеріме хабарласып, "мені үйден қуып жіберді" деп айтыпты", - дейді тұрғын.

Осыдан кейін шарасыз қалған бойжеткен бақсы-балгерге де барған.

Олар: "Ол ерекек өте қу, анаңды қарызға батырып тастап кетеді", - деп айтқан.

Енді анасы үшін алаңдаған ару желі қолданушыларынан көмек сұрап отыр.

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735860-eludegi-anasyny-zinen-15-zas-kisi-zigitpen-kezdesip-zrgenin-bilgen-aru-zanajkajyn-ajtty/

pixel