RU
Мамандар: Күрделі ота Анджелина Джолидің ішкі жан дүниесін де өзгерткен
Жаңалықтар Әлемде

Мамандар: Күрделі ота Анджелина Джолидің ішкі жан дүниесін де өзгерткен

Рассказать Вконтакте

Танымал актриса Анджелина Джоли қатерлі ісікке шалдығу қауіпі аса жоғары болғандықтан, күрделі оталар жасауға мәжбүр болды. Омырауы мен аналық жыныс безін алдырып тастаған актрисаның қандай өзгеріске ұшырағанын кәсіби мамандар айтып берді деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Дәрігерлер, психологтар мен сексолог мамандар біріге отыра Анджелина Джолидің жасатқан аса ауыр оталарының қандай салдар әкеліп, актрисаның ішкі және сыртқы жан дүниесін қалай өзгертіп жібергені туралы айтты.

Мамандардың айтуынша, голливудтық актрисаның бұл оталарды жасатуына толық негіз бар. Өйткені жүргізілген ауқымды тексеріс Анджелинадан тұқымқуалаушы қасиетке ие қатерлі ісік генін анықтаған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Омырауын алдыртып тастағаннан кейін танымал актриса оның орнын жасанды импланттар көмегімен толтырды. Алайда, психолог маманның айтуынша кез келген әйелге өз көкірегінің болуы өте маңызды. Өйткені жасанды омырау әрбір әйел бойында сенімсіздікті ұялатып, ол өзін сүйіктісінің алдында көріксіз санай бастайды.

"Қанша жерден шынайы жасауға тырыспағанымен, омыраудың жасандылығы кез келген әйелдің көңілін түсіретіні сөзсіз. Біз өзімізді сүйіктіміздің алдында мүлдем ұсқынсыз сезіне бастаймыз. Анджелина мен Бредтің арасында туындаған даудың басы да актрисаның өзіне деген сенімсіздігінен туындауы да мүмкін", - деп айтты психолог.
Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Аналық жыныс безін жою омырауға қарағанда салдары ауырлау болып келеді. Біріншіден, белгілі бір қызметтерге жауап беретін органның алдыртып тасталынуы оның жұмысын өзге мүшеге жүктейді. Сол себепті, адам организміндегі зат алмасу, жүйке жүйесі жалпы ішкі жан дүниесінде елеулі өзгеріс алады.

"Аналық бездерін жойған әйел отадан кейін өте ашушаң, шыдамсыз әрі сенімсіз болып келеді. Жыныс мүшесінің дұрыс жұмыс істеуіне жауап беретін бездің жойылуы әйел адамның жыныстық қатынасына да кедергі келтіреді. Отадан кейін төсектес болу анағұрлым қиын бола түспек", - деп айтты сексолог маман.
Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Аналық бездерді алдыртып тастаудың екінші тұсы, әйел адамның жеке өміріне қатысты. Яғни, бұл отадан кейін ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынас бұрынғыша болмайды. Өзіне риза болмаған әйел сүйіктісі алдында ыңғайсыз жағдайға қалғысы келмей, төсектес болудан мүлдем бас тартып та жататын кездер болған.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Ал дәрігерлердің мәлімдеуінше, салдары өте нашар оталарды жасату медициналық тұрғыдан маңызды екенін айтты. Оған қоса, олар адам денсаулығын қалыпқа келтіріп реттейтін операциялардың кері әсерін де жоққа шығармайды.

Фото: woman.ru

Фото: woman.ru

Қорытынды ретінде, мамандар бұрындары күлімсіреп жарқырай жүретін Анджелинаның ендігі келбеті мен өзін-өзі ұстауында үлкен өзгешелік бар екенін жеткізді.

Бред Питтпен арада орын алған кикілжің осы оталар салдарынан актрисаның ашушаң әрі шыдамсыз мінезінде болса керек. Сонымен қатар, актрисаның сенімсіздігі салдарынан қызықсыз болып қалған жыныстық өмірдің де Анджелинаның өзгеруіне септігін тигізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір