RU
Қазақстандық белгілі продюсер шоу бизнестегі "гламурларды" сынға алды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық белгілі продюсер шоу бизнестегі "гламурларды" сынға алды

Рассказать Вконтакте
  1. Отандық танымал продюсер Алуа Қонарова "The Эфир" жобасында берген сұхбатында заманауи "гламурлар" мен отандық "той" әндерін сынап тастады. Ол The Эфир жобасына қонаққа келіп, шоу бизнес туралы пікірін білдірген хабарлайды NUR.KZ.
Алуа Қонарова

Алуа Қонарова

Сұхбат барысында "гламур" сөзінің шығу тегіне мән берген продюсер елімізде сол атаққа лайық арулар туралы айтып берді.

"Бізде "гламур" деп кімді айтады? Ернін үлкейтіп алып, атақты адамдармен бірге көңіл көтерген қыздарды айтады. Осындай бастары бос "үйректер" желіге қайта-қайта сурет салып, өздерін гламур санайды. Шын мәнінде қыздар толыққанды ақылды, өмірлік құндылықтарын жоғалтпаған болуы тиіс", - деді ол.

Сондай-ақ Алуа той әндері туралы да сөз қозғады. Айтуынша, көп ұзамай халық сапалы әндерді ғана тыңдайтын болады.

"Қазір біз осындай дәрежеге жақындап келе жатырмыз. Отандық каналдардың белсенді жұмысының арқасында халық жанды дауыстағы, кәсіби әншілердің әнін тыңдауға үйреніп келеді", - деп, өз пікірін ашық айтты.

Сұхбат соңында отандық шоу бизнес туралы да сөз қозғаған продюсер қазақстандық әншілердің ішінде тек таңдаулыларын тыңдайтынын жасырмады. Ол әсіресе, репэрлерді ерекше ұнатады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір