Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа туған сәбидің басын жұлып алған дәрігер жұмыстан қуылмайтын болды

Опубликовано:

Ұлыбританияда 2014 жылы босанғалы жатқан әйелдің баласын дәрігер өлтіріп алды. Ол абайсызда баланың басын жұлып алған. Осы мәселе бойынша Вайшнави Лаксман есімді дәрігерге байланысты ағылшын соты үкім шығарды деп хабарлайды life.ru сілтеме жасаған NUR.KZ.

Вайшнави Лаксман. Фото: Cavendish Press
Вайшнави Лаксман. Фото: Cavendish Press: UGC

Манчестер қаласының медициналық соты Лаксман жоғары санатты маман және бұл оның тәжірибесіндегі жалғыз оқиға болғандықтан оны дәрігерлік қызметінен босатпайтын болды.

"Дәрігер Лаксманның емделушілерге төндірер еш қаупі жоқ. Ол бір ғана адамның өміріне абайсыздықтан шара қолданып қойды. Оның тәжірибесіндегі бұл жалғыз жайт екен. Бұл енді қайталанбайды. Оны жұмыстан қуудың еш себебі жоқ",- деді сот төралқасы.
Вайшнави Лаксман. Фото: Cavendish Press
Вайшнави Лаксман. Фото: Cavendish Press: UGC

Айта кетейік, алдында жазғанымыздай, Найнуэллс перзентханасына жеткізілген әйелге көмек қолын созуға Лаксман барған. Дәрігер босану барысында баланың басын жұлып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1735975-zaa-tugan-sbidi-basyn-zlyp-algan-driger-zmystan-kuylmajtyn-boldy/

pixel