Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұлу боламыз деп құбыжыққа айналған құрбылар өкініп қалды (фото)

Опубликовано:

Филиппинде құрбы қыздар 10 жылдан бері коссметологтың қателігінен болған ісік беттерімен өмір сүріп келеді. Альвиния Бернадез бен Мауи Кабабао ақшасын үнемдеп, жасырын жұмыс істейтін косметологқа барған деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Косметолог маман 2008 жылы қыздардың беттері мен иектеріне вазелин егіп, бұрынғыдан да сұлу болатындарын айтады. Осыдан кейін үш ай бойы олардың беттері қышып, сүйектері сырқырап, басқа дәрігерлерден көмек сұрайды.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Алайда құрбылар бетіне егілген вазелиннен кейін бірнеше рет ота жасатса да, түр-әлпеттері бұрынғы қалпына келмейді. Альвиния мен Мауиді көшеде көрген жандар бульдог немесе құбыжыққа ұқсатады екен.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

"Біз ауылдық жерден келгендіктен, ешнәрсе білмедік. Бір танысымыз осы косметолог жақсы деген соң, одан бетімізге не салып жатырсың деп те сұрамадық", - дейді Альвиния.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Қазір құрбы қыздар үйінен шығуға ұялып, түрлі ауруханалар табалдырығын тоздырып жүр. Олар білікті дәрігер тапсақ, бұрынғы қалпымызға түсер едік деп, әлі де үміттенеді.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1736100-slu-bolamyz-dep-kbyzykka-ajnalgan-krbylar-kinip-kaldy-foto/

pixel