Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық оқушыларды есірткі сатуға үгіттеп жүрген кімдер?

Опубликовано:

Күніне 10 мыңнан 50 елу мың теңгеге дейін табыс тапқың келе ме? Алматыда есірткі саудасымен айналысатындар осындай ұсыныстар арқылы мектеп оқушыларын өздерінің заңсыз кәсібіне тартуда деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Мектеп. Көрнекі фото: InfoResist
Мектеп. Көрнекі фото: InfoResist: UGC

Оған еліген жастар айтқандарын істеп, дегендеріне көніп жүрген сыңайлы. Олар әлеуметтік желі арқылы жіберген нұсқаулықтарды орындай келе өзінің есірткі таратушы болып кеткенін аңғармай да қалады екен.

Бұл туралы құқыққорғаушылар мәлімдеді. Ал полицейлер есірткі саудасымен айналысқандар арасында жасөспірімдер жоқ деуде.

Тоғызыншы сынып оқушысы ата-анасы араласпағанда, есірткі таратушылардың біріне айналуы ғажап емес еді. Әлеуметтік желіде отырған Радмирге «табыс тапқың келе ме?» деген хабарлама келіпті.

Жауап бергені сол екен. Нұсқаулық жіберген. Онда ғаламтор және смартфон арқылы сауда жасау мен оның жолдары көрсетіліпті. Бірақ алдымен анкета тотырып, төлқұжаты мен суретін жіберуі тиіс болған. Осыдан кейін есірткі саудасына ебі бар-жоғы тексеріледі екен.

"Әлеуметтік желідегі бәленше деген қолданушының парақшасына жаз. Күніне 10 мыңнан 50 мың теңгеге дейін табыс табатын боласың деген хабарлама келді. Мен нұсқау бойынша көрсетілген адамның парақшасына жаздым. Ол қай қаладан екеніңді және жасың нешеде екенін жаз деді. Мен "Алматы, 16" деп жаздым", - дейді 9 сынып оқушысы Радмир.

Жасөспірім ерекше ұсыныс туралы ата-анасына айтқан. Осы әркеті оны есірткі сатушылардың құрығынан құтқарып қалыпты. Ал Радмирдің ағасы жеңіл ақша табамын деп есірткі саудалағаны үшін 16 жылға сотталған екен.

«Алматыға бұл есірткіні кімнің алып келетіні белгісіз. Тек оны таратушылар ғана бар. Осы адамдар негізінде қылмыстық топтар құрылады. Хабарландыру арқылы олар өз қатарларына жастарды тартып жатыр», - дейді сотталған жігіттің әкесі Вячеслав Левшин.

Құқыққорғаушылар балалар жаппай есірткі саудасына жегіліп жатыр деп дабыл қағуда. Осы уақытқа дейін 18-20 жас аралығындағы 8 жігіт есіркі сатқаны үшін ұзақ мерзімге сотталыпты.

Алайда күдіктілер ұсталып, жауапқа тартылғанымен, есірткі саудасы әлі қызып тұр. Кезінде тәркіленген телефондар мен нөмірлер жұмыс істеп тұр дейді, құқыққорғаушылар.

«Сот пен тергеу кезінде осы телефондар сақтау қоймасына өткізілген. Бірақ қоймада болған кезінде де өз мақсатына пайдаланылған. Яғни сол телефонмен есірткі саудаланған. Бас прокуратураға жіберген шағымымыз ішкі істер департаментінен қайтып оралды. Біз келтірген дәйектер толығымен тексерілген жоқ», - дейді қамауға алынғандардың құқығын қорғау коалициясының жетекшісі Константин Гудаускас.

Ал қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері 2015 жылдан бері ғаламтор арқылы есірткі саудасымен айналысып келген бірнеше қылмыстық топтың әшкереленгенін жеткізді.

Бірақ күдіктілер арасында жасөспірімдер болмапты. Қылмыстық іс бойынша дәйек ретінде тіркелген ұялы телефондар соттың шешімімен жойылған. Ата-аналардың шағымы бойынша қызметтік тексерістер жүргізіліп, келтірілген дәйектер расталмапты.

«Осыдан бұрын екі қылмыстық топты осылай әшкереледік, олардың арасында жасы кәмелетке толған, 20-дан асқан ер азаматтар және әйел азаматтар болды», - дейді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Есірткі таратқаны үшін темір торға қамалған жастардың ата-аналары енді өзге балалардың есірткінің шырмауына түспегенін қалайды.

Ал тәртіп сақшылары ғаламтор арқылы есірткі саудасымен айналысатындармен заманауи технология арқылы күресетін бірнеше тергеу тобының құрылғанын жеткізді.

Бірақ көше бойларында әлі күнге синтетикалық есірткінің жарнамалары жиі ұшырасады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736135-almatylyk-okusylardy-esirtki-satuga-gittep-zrgen-kimder/

pixel