Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүк көлігінің астына түскен азамат түк болмағандай, орнынан атып тұрды

Опубликовано:

Филиппин аралында мотоцикл айдаған жігіт жүк көлігін озбақшы болып жанына шыққан. Бірақ ол жол жиегіне соғылып, құлап қалады. Тоқтап үлгермеген КамАЗ азаматтың басын дөңгелегімен басып өткен деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Жантүршігерлік видео жүк көлігінің артында келе жатқан автокөліктің видеокамерасына түсіп қалады. Онда мотоцикл айдаған жігіттің КамАЗ-ды басып озу идеясы сәтсіз аяқталғанын байқауға болады.

Нәтижесінде жігіт жол жиегіне соқтығысып, мотоциклімен қоса құлап қалады. Оның басын жүк көлігінің дөңгелектері анық басып өткен.

Абырой болғанда, мотоциклшінің басындағы шлем оны аман сақтап, жігіт орнынан түк болмағандай атып тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1736231-zk-kligini-astyna-tsken-azamat-tk-bolmagandaj-ornynan-atyp-trdy/

pixel