RU
Алматыда тауға келіп, суретке түскен туристерден 25 мың теңге талап еткен кімдер?
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда тауға келіп, суретке түскен туристерден 25 мың теңге талап еткен кімдер?

Рассказать Вконтакте

Алматыға келіп, көрікті жерлерінде суретке түскен туристер енді қосымша шығынға батуы мүмкін. Себебі, олардан суретке түскені үшін - 25 мың теңге, ал таспаға түсіргені үшін - 55 мың теңге талап еткен деп хабарлайды "КТК" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fotokto.ru

Фото: fotokto.ru

Ал ақша төлегісі келмеген туристер барлық түсірген суреттерін өшіруге мәжбүр болған.

Іле-Алатауының етегін тамашалауға келгендер төлемақыдан көз ашпайтындарын айтып, шағымданды.

"Не үшін ақша төлеу керек? Менің ойымша, бәрі тегін болу керек. Мынау мемлекеттің жері. Егер 20 мың төлейтін болса, ешкім фотоға түсірмейтін болады", - дейді Ақжол Жүнісов.

"Қарсымын. Себебі, БАО-ға барғанда біз экопостқа төлейміз ақша. Жетпей ме сол? Ақыры ол түсірген суреттерін өшіруге мәжбүр болдым", - деді Ғалымжан Асқаров есімді Алматы тұрғыны.

Тауға келгені үшін бір рет, суретке түскені үшін екінші рет ақша ала бастаған "Іле-Алатауы" ұлттық паркі қызметкерлерінің айтуынша, Орман шаруашылығы комитеті сондай бұйрық шығарған.

"Комитетің бұйрығы бүкіл республика аумағындағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктарға күші жүреді. Яғни, әр парктің өзінің тарифі бар. Ол ақша мемелкеттік парктің шотына жұмсалады. Яғни, ол Іле-алауы ұлттық табиғи паркінің жұмыскерлеріне жалақысына бөлінеді", - деді Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық бағының баспасөз хатшысы Дулат Әбенов.

Белгілі заңгер Айман Омарова бұлай суретке түсуден ақша алуды заңсыз деп есептейді. "Бұйрықта сол 14-тармақты әкімшілік өзіне қалай қолайлы болса, солай қолданып жатыр. Ешнәрсе істемей, тек қана сенің фотоаппаратыңа қарап тұрып, сенен ақша алу деген ол дұрыс емес деп санаймын. Заңсыз деп санаймын. Сол үшін прокуратура оған өзінің тексерісін бастау керек. Онда паркке не үшін елдер барады? Егер онда суретке түсе алмайтын болса, онда үйінде-ақ отырмай ма", - деп жауап қайтарды заңгер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
18
4
1
0
1
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір