Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында мас күйінде көлік айдаған әкім жүргізуші куәлігінен айырылды

Опубликовано:

Қарақаралы ауданына қарасты Қырғыз ауылының әкімі Бауыржан Қапашов мас күйінде көлік айдағаны үшін үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: koreatimes.co.kr
Көрнекі фото: koreatimes.co.kr: UGC

Әкімшілік сот мәлім еткендей, әкім көлігін Қарқаралы аудандық жол-патрульдік полиция қызметкерлері тоқтатқан.

Тәртіп сақшылары жүргізушінің алкогольді тұтыну дәржесін анықтау үшін сараптама орталығына жібереді. Онда Бауыржан Қапашов өзінің қызметін жасырып, жұмыссызбын деп айтқан көірнеді.

Қарқаралы аудандық әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Ілдебаевтың айтуынша, олар полициядан хабар ала салысымен, бірден облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес бойынша департаментке хабарласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736989-karagandy-oblysynda-mas-kjinde-klik-ajdagan-kim-zrgizusi-kuliginen-ajyryldy/

pixel