RU

18 жастағы бойжеткенді алып қашқан жігіт оны зорлап тастады

Бішкекте 18 жастағы қызды алып қашқан жігіт оны зорлап тастаған. 24 жастағы азамат ұрланған қызды полицейлер іздеп тапқанша, арам ойын жүзеге асырған деп хабарлайды kabarlar.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: yugtimes.com
Фото: yugtimes.com: UGC

Оқиға маусым айының 10-да болған. Баспасөз отырысында мәлім болғандай, қазір бойжеткен ауруханаға түскен. Оның жағдайын дәрігерлер бақылауға алыпты.

"Әпкем медицина колледжінің бірінші курсында оқиды. Оны сыртқа жігіттің туысы шақырып алған. Әпкеміздің дауысы шыққанда әкем жүгіріп шыққан болатын. Алайда қуып жетіп, үлгермеді", - дейді зардап шегушінің сіңлісі.

Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. 18 жастағы бойжеткеннің отбасы жігіттің сотталуын талап етіп отыр.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1737316-18-zastagy-bojzetkendi-alyp-kaskan-zigit-ony-zorlap-tastady.html