Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірден төрт баланы дүниеге әкелген келіншек күйеуін бақытқа кенелтті (фото)

Опубликовано:

Тәжікстан азаматшасы Назокат Ходибоева өмірге төртем алып келді. Төртемнің үшеуі ұл бала болса, біреуі қыз. Назокат пен күйеуі енді 8 баланың ата-анасы атанды деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Давыдов
Фото: Давыдов: UGC

Балалар өмірге 35 апталық болып келген. Қазір олар дәрігерлердің бақылауында.

Назокат еден жуушы болып жұмыс істесе, оның күйеуі жедел жәрдем жүргізушісі қызметін атқарады. Олардың төртемге дейін де төрт баласы болған. Бұл отбасныың тұңғышы 15 жаста.

Айта кетейік, қазір Тәжікстан орта Азия елдері арасында бала туу көрсеткіші бойынша алда келе жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1737318-birden-trt-balany-dniege-kelgen-kelinsek-kjeuin-bakytka-keneltti-foto/

pixel