RU
ӘЧ-2018: Жасанды интеллект финалда Германия құрамасы жеңіске жетеді деп болжады
Жаңалықтар

ӘЧ-2018: Жасанды интеллект финалда Германия құрамасы жеңіске жетеді деп болжады

Рассказать Вконтакте

Германия және Бельгияның ең мықты зерттеушілері мен программистері біріге отырып, жасанды интеллект ойлап тапты. Ол өз кезегінде, әлем чемпионатының финалында кім жеңіске жететінін болжаған деп хабарлайды prosport.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Жасанды интеллектті құруда нейрожүйенің маңызы өте зор болды. Өз болжамын жасауда интеллект мемлекет құрамаларының FIFA-дағы деңгейін, ойыншылардың орташа жас көрсеткіші мен бұрынғы ойындардағы ойын тәжірибесін қолданды.

Жасанды интеллекттің жүргізген зерттеу-анықтау жұмыстарының нәтижесінде жеңіске бәрінен де жақын боларлық екі мемлекет анықталған. Олар - Испания және Германия құрама командалары. Немістердің жеңіске жету коэфиценті 17,8%-ды құраса, испаниялықтардың көрсеткіші 17,1% болған.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru
Source: UGC

Сол себепті қос құрама финалға шыққан жағдайда да испаниялықтар немістерден ұтылып қалмақ. Алайда, бұл тек қана интеллекттің тұжырымы.

Әлем чемпионаты болып жатқан Ресей мемлекетінің жеңісі бар болғаны 0,4%-ды көрсеткен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel