RU
Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік тұрғын балмұздақ жегеннен кейін жансақтау бөліміне түсті. Бұл туралы NUR.KZ порталының тілшісі хабарлайды.

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Жəмила Таджыбаева 4 маусымда үй маңындағы азық түлік дүкенінен құймалы емес, зауыттан шыққан дайын балмұздақ сатып алған. Оның бір-екі сағаттан соң-ақ мазасы кетіп, іші бұзылып, дене қызуы көтеріледі.

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Әйел жедел жəрдем шақырып, дəрігерлер алғашқы көмек көрсеткен. Үшінші рет жедел жəрдем шақырғанда, Жәмила Шымкент жұқпалы аурулар емханасының жансақтау бөлімінен бір-ақ шығады.

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Тəуір болған соң тілхат жазып, ауруханадан шығып кеткен əйелге балмұздақ шығарушы кəсіпорын өкілі тыныштық бермеген көрінеді. Балмұздақ сатып алған дүкен иесімен бірлесіп, мазамды алды дейді ол.

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Балмұздақ жеген шымкенттік тұрғын жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Фото: NUR.KZ

Тіпті балмұздақ шығарушы компания өкілі дəрігерлермен келісіп, диагнозын өзгертіп қойғанын айтып, қорқытқанын айтуда. Шымкент қалалық жұқпалы аурулар емханасы бас дəрігерінің орынбасары Бақтыбек Ережепов диагнозды келісіп, ауыстырып қою мүмкін емес екендігін айтады.

"Науқас жедел ішек инфекциясымен ауруханаға түскен. Сөзіне қарағанда, балмұздақтан уланыпты. Ауруханаға түспес бұрын үйде өз бетінше антибиотик қабылдаған. Соның əсерінен болуы да мүмкін, "Бак. посев" талдауы теріс шықты. Мұның өзі де жүз пайыз нақты деп айта алмаймыз.

Өйткені уланудың бəрінен салмонеллез анықтала бермейді. Өткенде 100-ден аса адам балмұздақтан уланғанда бəрінде емес, тек бір бөлігінде ғана инфекция анықталды ғой. Әлемдік тəжірбиеде солай. Ал диагнозын келісіп ауыстыру деген мүлде қисынға келмейді.

Науқастың ауруханаға түскен кездегі диагнозы өткір ішек инфекциясы болатын. Шығару қағазына да дəл солай жазып көресттік. Өткір ішек инфекциясына бірінші себеп балмұздақтан улану болуы да мүмкін. Бірақ нақты жауап беру мүмкін емес", - дейді бас дəрігердің орынбасары.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel