RU
Қазақша таза сөйлейтін вице-министр туралы не білеміз?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақша таза сөйлейтін вице-министр туралы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Бүгін үкімет отырысында Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр толықтай қазақша баяндама жасап, елді таңғалдырды. Шенеунік жиында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша есеп берген деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Роман Скляр. Фото: Kursiv.kz

Роман Скляр. Фото: Kursiv.kz

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама аясында 12,1 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Сондай-ақ бюджет есебінен 22 мыңнан астам пәтер салынады.

"Осы жылдың бес айында тұрғын үйдің ең көп көлемі Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында енгізілді. Құрылыс қарқыны Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында байқалды. Сонымен қатар, төрт өңірде тұрғын үйлерді енгізу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Ол - Астана, Алматы қалалары, Қызылорда мен Павлодар облыстары", - дейді вице-министр.

Үкімет отырысы аяқталған соң вице-министр журналистерге қазақ тілін қалай үйренгенін де ашып айтқан.

"Мен алты жасымда ауылда тұрғанмын. Жарты жылдай ауылда болдым. Содан қалған болуы керек. Жеке репетиторым жоқ. Оған уақыт табу да қиын", - дейді Роман Скляр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
15
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel