RU
Үш гол салған Роналдумен командаластары сөйлеспей қойды
Жаңалықтар

Үш гол салған Роналдумен командаластары сөйлеспей қойды

Рассказать Вконтакте

Испания құрамасының футболшысы Иско енді Криштиану Роналдумен сөйлеспейді. "Реал Мадрид" ойыншысының бұл әрекетке баруына өз жұлдызды әріптесінің үш гол соғуы итермелеген деп хабарлайды eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Бір клубта бірақ, әртүрлі мемлекет құрамасында өнер көрсететін футболшылар енді өзара сөйлеспейтін болды.

"Менен Криштиану туралы сұрамаңыздар енді. Оның соңғы ойында нәрсесінен кейін мен онымен сөйлеспеймін деп шештім.
Оның мергендік қабілеті өте жоғары деңгейде. Бастапқы екі гол оған асқан сенімділік беріп, Криштиану үшінші допты да нысанаға тигізуге бел буды", - деп айтты Иско.

Айта кетейік, Испания мен Португалия арасындағы ойын 3:3 тең нәтижемен аяқталған. Бұл кездесуде Португалияның үш голын да Роналдудың бір өзі салды.

Енді Испания құрамасы 20 маусым күні Иранмен бақ сынасады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel