RU
Денесінің 80 пайызын күйік шалған балақайдың анасы көптен жанұшыра көмек сұрауда
Жаңалықтар Қоғам

Денесінің 80 пайызын күйік шалған балақайдың анасы көптен жанұшыра көмек сұрауда

Рассказать Вконтакте

Шығыс қазақстандық Айгүл Смағұлованың отбасында осыдан тура бір жыл бұрын оқыс оқиға орын алған. 10 жастағы ұлы Нұрәліге өзінен бірнеше жас үлкен балалар "дер кезінде ақша бермедің" деген желеумен, үстіне бензин шашып жіберген. Өкініштісі, балалар отырған алаңда от болып, тілсіз жау әп-сәтте Нұрәлінің денесін шарпып өткен. Осылайша жеткіншектің денесінің 85 пайызын күйік шалып, балақай өлім аузынан қалған деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Төрт баласы бар көпбалалы ана былтырғы жайтты еске алып, "баламды аяғынан тік тұрғызу үшін барымды саламын" деп мұңын айтты.

"Оқыс жағдай былтыр маусым айында болған. Бір мектепте оқитын, баламнан үш жас үлкен балалар Нұрәліден ақша сұраған. Күйеуіммен ажырасып кеткенмін және жеке үйім жоқ, пәтер жалдап тұратындықтан, менде балаға беретін артық ақша да болмаған еді.

Сонда сұрағаны 3 мың теңге екен. Бір күні әлгі үлкен балалар ұлымды өздері отырған жаққа алып кеткен. Сол жерде темір балқытып, от жағып отырған екен. Содан балама "ақша бермесең, үстіңе бензин құямыз" деген.

Балам "менде ақша жоқ" дегені сол еді, үстіне бензин шашып жіберген. Нұрәлі көзді ашып жұмғанша қызыл оттың арбауында қалған. Содан денесінің 85 пайызын күйік шалғаны белгілі болды.

Дәрігерлер "балаң адам болмайды, суыт хабарға дайын бол" деп те айтқан. Жаныма қанша ауыр тисе де, әлгіндей сөзді қабылдай алмадым, құдайдан үміт үзбедім. Қазір Аллаға шүкір облыс орталығында тоғыз бірдей ота жасалды.

Бірақ терісінің күйіп кеткені соншалық, әлі де жаңа тері шығып, денсаулығы толығымен қалпына келмей жатыр. Тіпті оң жақ құлағының сүйектеріне дейін жанып кеткен. Сондықтан көптен көмек сұрауға мәжбүрмін.

Ал осы оқиғаға кінәлі үш баланың ата-анасына 1 миллион теңге айыппұл салынған еді. Олар оны толығымен қайтарған жоқ, ай сайын 10 мыңнан бөліп төліп келеді", - деп мән-жайды түсіндірді балақайдың анасы.

Сонымен бірге ол баласына ем іздеп, желіге суреттерін жүктекегелі бері, көмек қолын созып жатқан жандардың көбейгендігін айтты.

"Мен былтыр баланың еміне қаражат қажет болып, банктерден несие алған едім. Сондықтан желіге жүктелген мәліметтер менікі емес деп сөкпеңіздер. Ол менің немере әпкем Назгүлдің карточка номерлері.

Сол кісі маған қол ұшын беріп, осы әрекетке баруыма себепкер болды. Ата-анам қайтыс болып кеткен, ағаларым бар, бірақ ол кісілердің өз отбасы, тіршілігі бар дегендей. Жолдасыммен де ажырасып кеткенмін.

Тек анда-санда шамасы келгенше қаржылай көмек көрсеткені болмаса, басқа ешкімім жоқ. Осы көптің көмегімен кешелі бері Астанаға келіп қалдық. Мұнда маған келуіме Зағипа Балиеваның өзі атсалысты.

Қазір ана мен бала орталығындамыз. Нұрәліні жергілікті дәрігерлер де, америкалық мамандар да көрді. Олар тоғыз ота бір жылда балаға ауыр тиеді, келер жылы ота жасасақ деген пікірлерін айтты.

Оған дейін физиотерапия алып, қолдан келгенше емімізді жалғастыра бермекпіз. Бізге көмектесіп жатқан, жәрдемдескісі келетін барша қазақстандықтарға алғысым шексіз», - деді балақайдың анасы.

Сөз арасында жалғызбасты ана "үй кезегінде тұрғанымен, күні бүгінге дейін жеке пәтерге қолы жетпегендігін" айтып қалды.

"Көпбалалы ана ретінде жеке үйім болса екен деймін. Қазір жер үйде тұрып жатырмыз, Бәрінен бұрын Нұрәліге ауыр, терісі өте әлсіз. Моншаға апарып жуындыру маған қиын болып тұр. Сондықтан жерігілікті билік үй алуыма көмектессе екен деймін", - деп сөзін қорытындылады көпбалалы ана.

Айгүл Смағұлова көмек беремін дейтін жандар болса, келесі карточка номеріне ақша аудара алады:

+77071828005.

ИИН 750411401500

Каспий KZ65722С000020546885

Beelin карта +77776890142

HALYK BANK 4390878237528889

КАСПИ ГОЛД.КИВИ +77776890142

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
13
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel