RU
Мейрамбек Бесбаевтың қымбат көлігі жұртты қызықтырып қойды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаевтың қымбат көлігі жұртты қызықтырып қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Көпшіліктің сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаевтың қымбат көлігін көрген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмады. Оқырмандар су жаңа көліктің маркасын анықтай алмай әлекке түсті деп жазады NUR.KZ.

Мейрамбек Бесбаев. Фото: www.instagram.com/m_besbaev

Мейрамбек Бесбаев. Фото: www.instagram.com/m_besbaev

Видео түсірушінің айтуынша, көлікті Бесбаевтың туған күніне сыйға тартқан.

Әлеуметтік желіде таралып кеткен видеоны көпшілік қызу талқыға салды. Тіпті олардың арасында Бесбаевты сынап тастағандар да табылды.

"Көлігіңіз құтты болсын. Маркасы қандай?", "Мұндай көлікті әншілер мінбегенде кім мінеді қазір?", "Құтты болсын, ісіңіз алға бассын" деді ақ тілегін жаудырғандар.

Ал екіншілері болса, "Ішкен-жеген, мінгендеріңді көрсетіңдер өзі аш отырған халыққа", "Осы әншілерге жағымпазданып, көлік алып бермесе болмайды ма?".

"Көлік алып беретіндей халыққа не істеді Мейрамбек? Әнін орындап, ақшасын тауып жүргені болмаса. Менің ойымша, нағыз құрметке лайықтылар сағаттап ота жасайтын хирургтар мен жердің астында жұмыс жасайтын шахтерлар. Аузы жыбырлаған адамға көлік сыйлап әлексіңдер", - деп өз наразылықтарын білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
16
1
0
0
2
33
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel