RU
Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек адам өлтіріп, түрмеге түсті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек адам өлтіріп, түрмеге түсті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернатының түлегі қамауға алынды. Қазіргі уақытта мектеп бітірушілер арасындағы жанжалға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек адам өлтіріп түрмеге қамалды

Ақтөбеде мектепті алтын белгімен бітірген түлек адам өлтіріп түрмеге қамалды

Бұған дейін Ақтөбедегі №19 мектептің түлегі Азат Дусуповтың пышақ жарақатынан көз жұмғаны хабарланған.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Ол бала кінәсін мойнына алып өзі келді", - деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 17 маусым күні болды. Мектеп түлектері Тургенев көшесіндегі медициналық университет жатақханасының жанында кездескен.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, түлектер аттестат табыстау шарасы кезінде керісіп қалған. Вальс билеп жүріп алтын белгімен бітіруші түлек марқұмның аяғын басып кетіпті. Екінші жақ сол жерде ашуға беріліп кездесуге шақырған.

Күдікті ретінде қамауға алынған Бекназ Кеңшілік үлгілі оқушылардың қатарында. Ол білімін интернатта жатып алған. Ата-анасы үмітін үкілеп отырған түлектің мектептен кейінгі өмірі темір торда басталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
7
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel