RU
Сапарбаев әйгілі Төлеген Айбергеновтің мазарын зиярат етті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаев әйгілі Төлеген Айбергеновтің мазарын зиярат етті (фото)

Рассказать Вконтакте

Өткен аптада Қарақалпақстан астанасы Нөкісте Ақтөбе облысының күні өтті. Сапар аясында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев бастаған делегация сондағы Сорша қорымында жерленген қазақтың ұлы ақыны Төлеген Айбергеновтің басына зиярат етті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Сапарбаев ақын Төлеген Айбергеновтің мазарын зиярат етті

Сапарбаев ақын Төлеген Айбергеновтің мазарын зиярат етті

Қарақалпақ жеріне жолы түскен адамның Төлеген Айбергеновтің басына соқпай кететіні сирек. Сапарды алдын ала пысықтаған жиында Бердібек Машбекұлы ақтөбелік делегацияның міндетті түрде Төлеген Айбергеновтің басына бару керектігі туралы айтқан болатын.

Соны естіген қарақалпақ бауырлар да тыңғылықты әзірленіпті. Ақынның бейітіне барар соқпаққа тас төселген. Бейіттің жан-жағына орындықтар қойылған. Құран оқылып, гүл шоқтары қойылды.

"Біз Айбергеновті ұмытпауымыз керек! Оның рухына тағзым ету — міндетіміз", - дейді — деді Бердібек Машбекұлы.

Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Өтембаев өзбек билігімен келісе отырып, өзбек жеріндегі қазақ ұлтына қатысты қасиетті орындардың тізімі жасалып жатқандығын айтты. Айбергенов бейіті солардың қатарына кірмек.

Ақынның бейіті

Ақынның бейіті

Айта кету керек, Бердібек Сапарбаев пен Ерік Өтембаев — еліміз Тәуелсіздік алғалы ақынның басына зиярат еткен алғашқы лауазымды тұлғалар.

Еске сала кетсек, Төлеген Айбергеновтің кіндік қаны тамған жер — Қарақалпақстанның Қоңырат ауданы, "Таң нұры" ауылы. Әкесі мен екі шешесі, "Апаларым" атты өлеңінде айтылатын үш бауыры ауыл іргесіндегі "Дастан ахун" қорымында жерленген.

1967 жылы Алматындан туған жеріне іссапармен барған кезде кенеттен ауырып, дүниеден озған ақынды әке-шешесінің қасына қою туралы әңгіме болған. Бірақ оны Қазақстаннан іздеп келетіндер әуреге түспесін деген ниетпен Нөкістегі әуежай маңындағы Сорша қорымына жерлеу ұйғарылыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel