RU
ҰБТ кезінде тікелей эфирге шыққан оқушылар жұрттың ашуына тиді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

ҰБТ кезінде тікелей эфирге шыққан оқушылар жұрттың ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ұлттық бірыңғай тест кезінде тәртіп бұзған түлектер халықтың ашуына ілікті. Олар емтихан орнынан суретке түсіп, әлеуметтік желіде тікелей эфирге шыққан. Темір іздегішпен тексеріліп тәркіленуі тиіс болған ұялы телефондар қалайша оқушылардың қолына түскен? Оқиғаны Білім және ғылым министрлігі анықтамақ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram.com - zhest.kz и zello.kyzylorda

Фото: Instagram.com - zhest.kz и zello.kyzylorda

Түлектер мен ата-аналар кейбір оқушылардың ұялы телефондарын кіргізіп қана емес, әрекеттерімен мақтанғанына қатты ызалы.

"Менің қызым кешелі бері еңіреп жылап отыр. Оларда да емтихан қиын өткен. Алайда, кеше мына суреттерді көріп ол жылап тоқтай алмай отыр. Мынау Масқара ғой! Әділеттік қайда?
Бұл балалардың телефон қолданғанына ішім тарланып отырған жоқ. Мүмкіндігі болыпты, неге үндемей қолдана салмайды? Міндетті түрде жар салып, мақтану керек пе сонда?", - деп жазған оқырман Instagram желісіне.

Әйел адамның шағымы орынды, өйткені түлектердің көбісі ҰБТ тапсырып жатқан жерінен суретке түсіп, тікелей эфир жүргізген. Олар күрделі емтиханның оп-оңай екенін айтып мазақ қылған.

Фото: Instagram.com - zhest.kz и zello.kyzylorda

Фото: Instagram.com - zhest.kz и zello.kyzylorda

NUR.KZ оқырманы емтихан кезінде тікелей эфирге шыққан оқушы қыздың видеосын жіберіп, өз наразылығын білдірді.

Ал мына видео ҰБТ-ның ресми тікелей эфирінен түсірілген. Жазбада тексерушілер оқушыларды қатаң бақылауда ұстағаны жазылып тұр.

Фото: instagram.com/zhest_kz

Фото: instagram.com/zhest_kz

Бұл мәселеге қатысты Қызылорда облыстық Білім беру басқармасы пікір білдірді.

"Тест тапсырушы түлектердің тікелей эфирге шығуына қатысты БҒМ өкілдері және мемлекеттік комиссия мән-жайды қарастырды. Мектеп бітіруші қыз бен оның ата-анасын шақырттық. Оның түсіндіруі бойынша, экзамен аяқталған сәтте, яғни барлығы сұрақ кітапшаларын тапсырып жатқанда оның бос уақыты болған. Бұл тестілеудің аяқталған уақытында болғандықтан, желіні өшіретін аппараттар жұмыс істемеген", - дейді облыстық Білім беру басқармасының басшысы Мелдебекова.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
4
0
1
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel