RU

Баян Алагөзова күйеуінің желідегі парақшасынан шығып кетті

Елдің сынына қалып, қанша қиыншылықты басынан өткізсе де, екінші мәрте тұрмысқа шыққан Баян Алагөзова қазіргі ғашығынан да ажырасып кеткен сыңайлы. Бақытты сәттері үшін алғыс айтқан продюсер бұл жайында өзінің Instagram парақшасында жазған болатын. Желі қолданушылары Баянның күйеуінің парақшасынан шығып кеткенін де байқап үлгерген деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал продюсердің шаңырағында не болып жатыр? Бұл сұрақ көпшілікті алаңдатса да, Баян Мақсатқызы өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Айта кететіні, Тұрсын Алагөзов өзінің екінші әйелінің парақшасынан шығып кетпеген. Ол әлі де болса Алагөзова атанған Баян ханымның парақшасына жазылғандар қатарында.

Сондай-ақ, Мақсатқызының қайын атасының желідегі парақшасынан шықпағаны да анықталды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1739599-baan-alagzova-kjeuini-zelidegi-paraksasynan-sygyp-ketti.html