RU
21 ғасырдың ең үздік әндері белгілі болды
Жаңалықтар Әлемде

21 ғасырдың ең үздік әндері белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Rolling Stone басылымы XXI ғасырдың ең үздік 100 әнінің тізімін жасап шығарды. Ең бірінші орында америкалық әнші Бейонсенің 2003 жылы Dangerously in Love альбомымен бірге жарыққа шыққан "Crazy in Love" әні тұр. Оны әнші өзінің күйеуі, рэпер Джей-Зимен бірге жазған. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Blogger

Фото: Blogger

Екінші орынды британдық әнші M.I.A.-ның "Paper Planes" композициясы иеленді. Үздік үштікті The White Stripes тобының "Seven Nation Army" әні аяқтап тұр.

Алғашқы жиырмалыққа Джей-Зидің "99 Problems", Канье Уэсттың "Runaway" , Кендрик Ламардың "Alright", Бритни Спирстің "Toxic", Gnarls Barkley дуэтінің "Crazy" , Мисси Эллиоттың "Work It" әні, Эми Уайнхаустың "Rehab" және Дэвид Боуидің "Blackstar" әндері кірді.

Тізімнің 100-жолағына пуэрто-риколық әртіс Дэдди Янкидің "Gasolina" әні жайғасты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel