RU
Тістері қисық болса да танымал болған әлемдік жұлдыздар кімдер? (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Тістері қисық болса да танымал болған әлемдік жұлдыздар кімдер? (фото)

Рассказать Вконтакте

Ел алдында жүретін көптеген жұлдыздар әдемі жарқыраған күлкімен жүруді құп санайды және де мінсіз күлкіге қол жеткіу үшін уақыттарын да, ақшаларын да аямайды. Дегенмен де, барлық жұлдыздар "Голливудтық күлкінің" иегері емес. Өздерінің "мінсіз" күлкілерінен қысылмайтын жұлдыздардың тізімін Fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ұсынды.

фотореп

Адам үшін тістерінің маржандай болуы шарт емес, бастысы тістердің сау болғаны емес пе? Алайда келесі тізімдегі жұлдыздардың күлкісіндегі "мін" тек тістің қисықтығымен шектелмейді.

1. Глеб Самойлов

фотореп

Музыканттың қызу өмірі оның тістерін айналып өтпеген сияқты. Әнші тістерінің біразын сындырып алса, қалғандары, жұмсартып айтқанда, әдемі көрінбейді. Алайда, бұл әншінің жанкүйерлерінің санына да, оның жеке комплекстеріне де әсер етпейтін сынды.

2. Кирстен Данст

фотореп

Кезінде "Вампирмен интервью" фильмінен соң Кирстенді жұлдыз еткен қисық азулы тістері болатын. Актриса нағыз талантты адамға қисық тістер кедергі болмайтынын айтады.

3. Александр Овечкин

фотореп

Стэнли кубогының иегері, танымал хоккейші дәл осы суретімен желіні жарған болатын. Оның алдыңғы тістерінің жоқтығы оның спортта үлкен белеске жетіп, тіпті сұлу жар таңдауына кедергі бола алмады.

Хоккейші алдыңғы тістерін 2007 жылғы хоккей ойынында сындырып алған. Өкінішке орай, дәл осындай жағдай хоккеисттердің көбінің өмірінде орын алған.

4. Ксения Собчак

фотореп

Жастайынан "ат жақты" деген мазақ сөздер естіп жүрген Ресейдің танымал жұлдызы Ксения Собчак өзінің бұл ерекшелігі үшін қысылмайтындығын айтады. Шоу-бизнесті тастап, саясатқа көшкен Ксюша өзінің тістерін басқа маржантісті сұлулардың қасында ерекшелеп тұратын "жекеменшік белгісі" деп біледі.

5. Александр Радулов

фотореп

Радуловтың әр суретте ауысып тұратын бұл тістері жасанды протездің арқасы. Карьерасының қызған шағында спортшы үшін протез тағу - денсаулығына өте қауіпті жайт.

6. Ванесса Паради

фотореп

Атақты актер Джонни Депптің экс-жұбайы Ванесса Парадидің алдыңғы тістерінің арасындағы қашықтық әдемі болмақ түгілі, көзіңізге зорлық-зомбылықтың құрбанының кейпін елестетеді. Алайда, Ванессаның айтуы бойынша, оның дәл осы тістері оның жеке басын өзге жұлдыздардан даралап тұратын ерекшелігі.

7. Джонни Депп

фотореп

Бұрынғы жұбайы сияқты Депп те өз тістері үшін ұялмайды. Алайда, Джоннидің басында эстетикалық тұрғыдан бөлек, денсаулығына зиян боларлық тіс аурулары жетіп артылады.

8. Стив Бушеми

фотореп

Стивтің тартымсыздау күлкісі оның танымал болуына кедергі емес. Ол тісін дұрыстауға жетерлік қаражатты баяғыда-ақ жинап алғанымен, бұл кемшілігін жөндеуге асықпайды

9. Майк Тайсон

фотореп

Дәл Парадидің басындағыдай тіс мәселесі Майкта да болғанымен, атақты боксшыға "түріңіз келіспей тұр" деп айтуға ешкімнің батылы бармайтын шығар. Ондай жағдайда өз тісіңізден айырылып қалмасыңызға кім кепіл, солай ма?

10. Мадонна

фотореп

Мадоннаның алдыңғы тістеріндегі мінсіздік көп ортодонт дәрігерлердің мазасын алса да, жасы біршамаға келген жұлдыздың бұл тістері оның күлкісінің әдемі боп көрінуіне ешқандай кедергі емес.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel