RU
ӘЧ-2018: Ресей ширек финалда Хорватиямен кездесетін болды
Жаңалықтар

ӘЧ-2018: Ресей ширек финалда Хорватиямен кездесетін болды

Рассказать Вконтакте

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Хорватия құрамасы Ресеймен кездесетін болды. Шақпақ жейделі құрама ойын соңындағы пенальти сериясында Данияны ұтты деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ТАСС

Фото: ТАСС

Қос құрама негізгі уақытта 1:1 есебімен тең түсті. Ойындағы бірінші гол 1 минутта-ақ соғылды. Даттардың алға ұмтылған жылдам шабуылы нәтижелі аяқталды. Матиас Йоргенсеннің тепкен добы Субашичтің қолына тиіп, қақпа ішіне енді. Алайда араға 3 минут сала Марио Манджукич есепті теңестірді.

Екінші таймда да 1:1 есебі сақталып, қос құрамада командасын алға шығаратын гол соға алған жоқ. Қосымша уақыттың екінші кезеңінде хорваттардың алға шығатын зор мүмкіндігі болған. Алайда Лука Модричтің пенальтиден тепкен добын қақпашы Каспер Шмейхель қайтара білді. Нәтижесінде жеңімпаз ойын соңындағы пенальти сериясында анықталды.

Пенальти қорытындысы бойынша шақпақ жейделі құрама 3:2 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Бұл кезеңде Испанияны жарыс жолынан шығарған Ресеймен кездеседі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel