Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбысын алдамақ болған әйел күйеуінің опасыздығын біліп қойды

Опубликовано:

Үйленгендеріне жеті жыл болған ерлі-зайыптылар отағасының опасыздығы салдарынан айырылысып кетті. Ер адам әйелінің жан құрбысымен көңіл қосып, сүйіктісінің көзіне ұзақ уақыт бойы шөп салып келген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: onmoy.com
Фото: onmoy.com: UGC

Жеті жыл бойы бір шаңырақ астында тұрған жанұяны отағасының ашынасы ойрандатып кеткен. Әйел адам күйеуінің опасыздығын ойламаған жерінен біліп қойды.

Тату өмір сүрген отбасының қаралы күндері ер адамның жұмысқа асығып, ұялы телефонын үйіне тастап кеткен кезінен бастау алған.

"Өз телефоным сөніп қалған соң, мен құрбыма жолдасымның телефоны арқылы қоңырау шалмақшы болдым. Алайда, досыма қалжындап жазып, күйеуімнің опасыз әрекеттерін біліп қоямын деп ойламағанмын", - деп айтты әйел адам.

Оның пайымдауынша, құрбысына өзінің емес күйеуінің атынан жазғанында, одан алған жауабы әйел адамды дүрсілкіндірген.

"Маған қашан келесің, ана сұр жылан сені жібермей қойды ма?" деген хабарлама алған ол құрбысы мен жолдасы оның көзіне шөп салып жүргеніне еш күмәнданбаған.

Әйелін ұзақ уақыт бойы алдап келген ер азамат одан кешірім сұрамақ түгіл, киімін сол күні жинап ашынасына кетіп қалған.

Қазіргі таңда, құрбысы мен күйеуінің мазағына айналған әйел ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр.

Бізбен бөлісер жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740152-krbysyn-aldamak-bolgan-jel-kjeuini-opasyzdygyn-bilip-kojdy/

pixel