Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген оралдық жігіт шаңырақ көтерді

Опубликовано:

Бейтаныс қызға бүйрегін тегін берген оралдық жігіт Абзал Әділов шаңырақ көтерді. Қайырымды жігіт болашақ жарын Шымкенттен тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: halyq-arna.kz
Фото: halyq-arna.kz: UGC

Абзалдың айтуынша, ол жарымен Шымкентте жүргенде әлеуметтік желі арқылы танысқан.

"Ол өзі менің оқиғамды естіп білген соң маған жазған. 1-2 аптадай сөйлесіп, кездесіп жүрдік. Кейін бір-бірімізді ұнатып қалдық. Мен Әйгерімді Орал жаққа алып кеттім. Ата-анам келін апара жатқанымды естігенде сенбеді. Жарым Әйгерім Ордабасы ауданы, Темірлан ауылының қызы", - дейді Абзал Әділов.

Қазір жас отбасы Оралда тұрып жатыр. Айгерім - балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істесе, Абзал "КВАНТ" ЖШС-да қызмет етеді.

Фото: gorodpavlodar.kz
Фото: gorodpavlodar.kz: UGC

Жас жұбайлардың үлкен тойы шілденің 8-іне жоспарланған.

Еске сала кетейік, қарапайым отбасыдан шыққан оралдық жігіт Түркістан облысының тұрғыны Жәмила Байсерікованың басындағы қиын жағдайды естіп, оған бір бүйрегін тегін береді. Батыл қадамының арқасында жас жігіт 2017 жылдан бері әлеуметтік желіде үлкен танымалдылыққа ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740436-bejtanys-kyzga-bjregin-tegin-bergen-oraldyk-zigit-sayrak-kterdi/

pixel