Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдалыққа аста-төк дүние алып келгендер елді таң қалдырды (видео)

Опубликовано:

Тойға аста-төк дүниемен келген құдалар көпшілікті қайран қалдырды. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео оқырмандардың қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқырмандар видеодағы қазақша киіммен қорап-қорап дүние тасығандарды бірі Шымкенттің тұрғындары десе, бірі мұндай аста-төк тойды тек Маңғыстау халқы жасай алады деп пікір білдірді.

"Ханның қызын алып жатыр ма, сонша шашылып?", "Мұндай тойларды Оңтүстіктен, Жетісайдан ғана көре аласыздар", "Шашылған ештеңесі жоқ. Оңтүстік халқының тойлары осылай өтеді", "Не деген ысырапшылық. Осылай той жасағанда екі жас бақытты болып кетсе жақсы ғой".

"Қателесесіздер. Мұндай той жасау тек Маңғыстаудың ғана қолынан келеді", "Қазақтар өзгелерден асып түсу үшін не нәрсененің бәрін жасайды ғой", "Көліктерінде 13 нөмері тұр ғой. Шымкент мынау".

"Әр қазақтың шаңырағында осындай той болсын", "Құдалар "ағайын 9", "үй 9", "тәтті 9", "фрукты 9", "нан 9" деп алып келеді. Енді мына кісілер әдемілеп сәндеп келіпті. Жарайсыздар" деді түрлі пікір білдірген оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1740511-kdalykka-asta-tk-dnie-alyp-kelgender-eldi-ta-kaldyrdy-video/

pixel