Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықты өзіне Алладай сыйындыратын Қыдыр ата Астана күніне орай жұлдызнаманы өзгертті

Опубликовано:

Үнемі халықтың назарында жүретін ақтөбелік емші тағы да жаңалық ашты. Өзін Қыдыр атаның сүйікті ұлы, ал ем жүргізетін үйін жәннаттың есігіне теңеп жүрген Жанарыс Жақсылықұлы әлеуметтік желіде де белсенді. Емшінің Instagram парақшасына Астана күніне орай жаңа күнтізбе шықты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жанарыс Жақсылықұлы. Фото-коллаж: NUR.KZ.
Жанарыс Жақсылықұлы. Фото-коллаж: NUR.KZ.: UGC

"Қыдыр ата жыл 12 айды өзгертті. Киік, көгершін, қарлығаш, қыран енді осы күнтізбемен болады. Қазақтың жақсы көретін киелі құстары мен жануарлары", - деп жазба қалдырған парақшасына.

Емші бекітілген жұлдызнамадағы тышқан, суқұйғыш, шаян, мерген, балық секілді жұлдызнамаларды алып тастаған.

Емшінің табынушылары жаңалықты қуана қабылдап жатыр. Олар жаңа жұлдызнамамен жүретіндерін жарыса жазуда.

Фото: Жанарыс Жақсылықұлының парақшасынан алынды
Фото: Жанарыс Жақсылықұлының парақшасынан алынды: UGC

"Құдіретті тірі әруақ, жыл күнтізбеңіз үлкен жаңалық, сіздің арқаңызда елімізде бәрі жаңарып, гүлденетініне сенімдімін", "Жанарыс Жақсылықұлы сізден біліп білмей жасаған күнәларым үшін кешірім сұраймын. Сізге барғаннан бері жолым ашылып, жақсы жұмысқа орналасып жатырмын".

"Жан атам күнәларымды кешірші. Тілегімді қабыл етеңізші", - деген сыйынушылар тілектерін жарыса жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1741023-halykty-zine-alladaj-syjyndyratyn-kydyr-ata-astana-knine-oraj-zldyznamany-zgertti/

pixel