RU
Белгілі фильмдерде ойнаған жас актер өмірі үшін күресуде
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі фильмдерде ойнаған жас актер өмірі үшін күресуде

Рассказать Вконтакте

Елдегі белгілі фильмдерде ойнаған жас актер Айбек Жебеген өмірі үшін күресуде. Қауіпті дертке шалдыққан жеткіншектің қазіргі салмағы бар-жоғы 24-ақ келі деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды

Кадр КТК арнасындағы видеодан алынды

Небәрі он жасында джаздан түрлі халықаралық фестивальдерде Қазақстанның жалауын желбірткен жеткіншек қазір тіпті, далаға шығудан қалған. Кез-келген жұқпа, әлсіз ағзасына ауыр соққы болмақ. Сол үшін де бетін тұмшалап жүреді.

Айбектің бұл жайы, әсіресе, әкесіне ауыр тиген. Ұрпағының жалғасы жалғыз ұлы ауырсынған сайын ол да жанын қоярға жер таппай жүр.

Бастапқыда дәрігерлер жасөспірімге асқазаны ауырады деп ем-дом жасаған. Алайда дерті асқына берген. Сөйтсе, қатерлі ісік бұлшық етінен анықталыпты.

Айбек Жебегеннің ата-анасы бұған дейін де қайырымды жандардан көмек сұраған болатын. Ол қаражат күрделі емді бастауға жетіпті. Енді кореялық дәрігерлер оны әрі қарай жалғастыру үшін отбасынан тағы да қаржы сұратыпты.

"Кореядан құдай қаласа баламыз жазылып келсе деп армандаймыз. Соны құдайдан да, сіздерден де сұраймыз", - дейді Айбектің анасы Венера Оңалбаева.

Айбекке көмек қолын созам деген жандар үшін:

Каспи Голд: 5169493110574277

ИИН: 770214402431

Киви-кошелек: +7 707 720 71 60

Венера Оңалбаева

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
9
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel