Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Меруерт Түсіпбаева інісінің мәйітін туған жеріне қалай жеткізгенін айтты (видео)

Опубликовано:

34 жасына дейін қайғы көрмей, бақытты ғұмыр кешкенін айтқан Меруерт Түсіпбаева өмірден қыршын кеткен інісінен қалай айырылып қалғанын айтты. Әншінің айтуынша, 34 жасында оның өмірін 180 градусқа өзгертіп жіберген жайт орын алған. Бұл туралы өнер иесі NUR.KZ порталының Ойбай Life бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Меруерт Түсіпбаева інісінің мәйітін туған жеріне қалай жеткізгенін айтты (видео)
Меруерт Түсіпбаева. Кадр видеодан алынды: UGC

Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, ол дәл сол күні өмірдің тым қысқа әрі жалған екенін, өмірде сынақ дегеннің болатынын түсінген.

"Алла маған бұл дүниенің жалған екенін, мұның барлығы бір-ақ сәтте аяқталатынын есіме түсіріп, мені желкемнен бір ұрып, көз алдымда отырған бауырымды бір-ақ сәтте жол апатынан алып кетті. Сонда мен үлкен соққы алдым.
Өзім Павлодардан алып келген бауырымды кілемге орап алып, жеке самолетпен ұштық. Сол сәтте мен дүниенің жалған екенін, көбелектей ұшып, аху-саху деп жүргенімнің барлығы бір-ақ сәтте жоқ болатынын түсіндім. Барлық өмірім 180 градусқа өзгеріп, мен жерге түстім", - деді ол.

Бағдарламаның толық нұсқасын NUR.KZ порталының YouTube арнасынан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1741667-meruert-tsipbaeva-inisini-mjitin-tugan-zerine-kalaj-zetkizgenin-ajtty-video/

pixel