RU
Күйеуі көзіне шөп салған келіншек "көңілдес" болaтын әйелдерге қайран қалды
Жаңалықтар Қоғам

Күйеуі көзіне шөп салған келіншек "көңілдес" болaтын әйелдерге қайран қалды

Рассказать Вконтакте

Күйеуінің көңілдесі бар екенін білген келіншек желіде жан айқайын жеткізді. Ол өзге отбасының отағасымен көңіл қосқан қыз-келіншектерге сұрақ қойды деп жазады NUR.KZ.

Күйеуі көзіне шөп салған келіншек барлық "көңілдес" әйелдерге

Күйеуі көзіне шөп салған келіншек барлық "көңілдес" әйелдерге қайран қалды

Сүйікті жар болуды армандаған ару басынан өткізген опасыздық туралы жайып салды. Ол күйеуінің өзінен екі жас үлкен әйелмен жасырын кездесіп жүргенін біліп қойыпты.

Айтуынша, олардың қарым-қатынастары бірнеше жыл бойы жалғасқан.

"Мен бұл туралы бір жыл бұрын білдім, жүбайым оны тоқал қылып аламын деп уәде беріпті. Бірақ кейін бас тартқан. Ол әйел осыған дейін бір рет тұрмыста болған, балалары жоқ.

Күйеуім оны кейде жөзекше деп атайды, бірнеше рет ұрып-соққанын да білемін. Неге екенін білмеймін ол әйелдің сонда да кеткісі жоқ.

Тым болмаса ақша үшін деуге де келмейді. Ол өзі менің жарыма ақша салып тұрады. Мен түсінбеймін сонда не үшін?", - деп жазды келіншек.

Сонымен қатар, олар бірнеше жыл бойы үздіксіз ара қатынастарын жалғастырып келеді екен. Дегенмен араларында үйлену туралы әңгіме мүлде болмайтын көрінеді.

Яғни әркім өз өмірін дәл солай жалғастыра береді.

"Қымбатты көңілдес ханымдар! Сендерге өз отбасыларың, балаларың, сүйікті адамдарың болғаны керек еме пе? Біреудің әйелінен тығылу, кез келген уақытта жаныңа жақын адамға хабарласа алмау сіздерге ұнайды ма?", - деп жан сырын ақтарды әйел.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
1
3
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel