Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өлімнен кейінгі өмір: Мәйіттегі қорқыныш ғалымдарды шошытты (видео)

Опубликовано:

Адам өлген соң оның сүйегін өртеп жіберу әлемнің әр түкпірінде әлі күнге кездеседі. Орта ғасырларда бұл соқыр наным-сенімнің жетегінде немесе мәйіттің іріп-шіруі кезінде ауру тарамасы үшін жүзеге асырылса, бүгінгі таңда да пұтқа табынатын кей елдерде салттың сарқыншағы ретінде атқарылап жатады деп жазады Islam.kz.

Өлімнен кейінгі өмір: Мәйіттегі қорқыныш ғалымдарды шошытты (видео)
Өлімнен кейінгі өмір: Мәйіттегі қорқыныш ғалымдарды шошытты (видео): UGC

Алайда, адам тығыз шоғырланған өңірлерде жердің жетіспеушілігінен, яғни, дүние салған адамның сүйегін жерлейтін орын тапшылығына байланысты өртеліп жатады. Осы мақсатта орнайы крематорийлер салынады.

1996 жылы Мәскеу қаласындағы крематорийлердің бірінде құпия тәжірибе жүзеге асырылған екен. Қайтыс болған адамның мәйітіне энцефалограф жалғап, адам сүйегін отқа тастаған.

Тәжірибені жүзеге асырғандар оттың энцефалографқа еш әсерін тигізе алмайтынына, яғни, температураның еш қатысы болмайтынына алдымен көз жеткізіп алыпты. Содан соң барып қана тәжірибені жүргізіп көрген.

Бір таңқаларлығы әрі қорқыныштысы, энцефалограф тірі адамның бойындағы үрейдің сигналын көрсеткен.

Мұның бәрі мұқият таспаға тартылып алынған болатын. Ғалымдар мұны мәйіттің бойындағы бактериялар мен химиялық процесстерге жорып, өздерінше жорамал жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742132-limnen-kejingi-mir-mjittegi-korkynys-galymdardy-sosytty-video/

pixel