Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал тележүргізуші Ninety One тобына ілесе алмайтын жұлдыздарды сынап тастады

Опубликовано:

Қазақстандық танымал тележүргізуші Асаубек Айымбетов өзінің Instagram-дағы парақшасында Ninety One тобына қатысты жазба қалдырып, көкірегін керіп жүретін отандық өнер жұлдыздарын сынға алды деп хабарлайды NUR.KZ.

Сурет: instagram/asaubekaiymbetov1
Сурет: instagram/asaubekaiymbetov1: UGC

Асаубектің айтуынша, 91 тобы көптің жүрегінен орын тапқан. Олар бірнеше жыл еңбек етіп, мыңдаған адамның кумиріне айналыпты. Тарихта да қалатын көрінеді.

Сондай-ақ, тележүргізуші өз сөзінде 30-дан асса да ақылы кірмеген, тек көкірек керіп жүретін әншілерді сынап тастаған.

"Ал кейбір әншілер бар, жасы 30-дан асса да ақылы кірмеген, тек көкірек керіп жүретін. Оларды қолдайтын адамдары аз. Тек өтірік мақтап, беттеріне күлкі үйіріп қояды. Біреудің "ой сіз кереметсіз!", дегеніне жас балаша қуанып, жасына сай қылық таныта алмайды. Өздерінен 6-7 жас кіші әнші балалармен арпалысып, соларды аңдып жүреді. Өйткені өзімен құрдас "жұлдыздарға" күші келмейді, арты қуыс", - дейді Асаубек.

Тележүргізушінің жазбасына оқырмандар "Жаман айттыңыз, бірақ ақиқаты осы", "Мына постыңызда жазғандармен толықтай келісемін", "Сен біреу үшін жауап бермей отыршы" деген пікірлер қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1742185-tanymal-telezrgizusi-ninety-one-tobyna-ilese-almajtyn-zldyzdardy-synap-tastady/

pixel