RU
Еліміздің хит әншісін сынға алған Роза Рымбаеваға Мақпал Жүнісова жауап берді

Еліміздің хит әншісін сынға алған Роза Рымбаеваға Мақпал Жүнісова жауап берді

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Роза Рымбаева той әндерін орындайтын Ернар Айдарды сынға алған болатын. Роза Қуанышқызының той әншілері жайлы пікіріне "Айта берсін" бағдарламасы арқылы Мақпал Жүнісова жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова. Фото-коллаж: NUR.KZ

Роза Рымбаева мен Мақпал Жүнісова. Фото-коллаж: NUR.KZ

Халықтың ерке қызы Роза Рымбаеваның бұл пікірімен үзілді-кесілді келіспейтінін жасырмады.

"Қазіргі заманда тойдың әншісі, сахнаның әншісі деп бөлуге болмайды. Тойда болған халық ол концертке де келетін -халық. Тойдағы халықтың деңгейі төмен деп айтуға болады ма? Аналарымыздың 80-90 жылдығы, 100 жас тойына барғанымызды неліктен намыс деп санауымыз керек? Олардың деңгейі төмен бе, әлде?

Жалпы, Роза апамыздың әңгімесі дұрыс әңгіме емес. Ол кісі де тойға барып, өлең айтып жүр. Өз көзіммен көрдім. Онда біз де "Тойдың әншісісіз" деп айтайық. Жалпы, жастардың бәрін жоққа шығаруға болмайды. Бұл менің ойым. Артық айтсам, кешірім өтінемін.

Ал артық, балағат өлең айтып жүргендерге тоқтау салсақ болады. Қазақтың тілін бұзбай, жақсы айтып жүрген баланы жоққа шығаруға болмайды", - деп айтып салды Мақпал Жүнісова.

Сіздің реакцияңыз
14
4
3
0
3
109
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel