Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте бақуатты азамат мал бағып жүрген жеткіншекті мылтықпен атып кетті (фото)

Опубликовано:

Шымкентте бақуатты азамат мал бағып жүрген жеткіншекті мылтықпен атып кетті. Жасөспірімге аяусыз қару кезеген дөкей оған көмек көрсетпей оқиға орнынан тайып тұрған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Баланың денесіндегі оқтың көптігі соншалық, дәрігерлер оған оепарция жасай алмапты.

Оқ тиген жасөспірімнің ата-анасының сөзінше, балаға оқ жеті жерінен тиген.

Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында ол аман қалған. Қазір жеткіншек облыстық балалар ауруханасында дәрігелердің бақылауында.

Оқ тиген жасөспірімнің сөзінше, оны мал бағып жүрген жердің қожайыны атып кеткен. Қымбат көлікте келген азамат оны мылтықпен жарақаттаған.

Оқыс жағдай Шымкент қаласына қарасты "Достық" шағын ауданында болған. "Әдеттедей достарымен бірге қой бағып жүрген. Өзіміз шошып қалдық. Баламды аяусыз келіп атып кеткен. Құдай жазасын берсін", - дейді оқ тиген баланың ата-анасы.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқыс жағдай бойынша ҚР ҚК –нің «бұзақылық» бабымен іс тіркелген. Сотқа дейінгі тергеп –тексеру тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

ЕСКЕРТУ! Материалды көшіріп басуға ҚР Заңнамасымен тыйым салынады!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1742640-symkentte-bakuatty-azamat-mal-bagyp-zrgen-zetkinsekti-myltykpen-atyp-ketti-foto/

pixel