Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде 10 мың теңгелік "жаңа" банкнотаның суреттері тарап кетті

Опубликовано:

Қазнетте 10 000 теңгелік қағаз ақшаның жаңаланған суреті тарап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жаңа" банкнотаның суреттерін Facebook қолданушылары жариялаған.

"Интернетте 10 000 теңгелік қағаз ақшаның жаңа суреттері пайда болды", - делінген аталмыш суреттің анықтамасында.

Суретте алқызыл-күлгін көк түстес, еуро валютасын еске түсіретін ақша бейнеленген.

Ақшаның бетінде жел генераторы мен бүркіт, сондай-ақ, "Нұр-Әлем" павильоны бейнеленген.

Кейін тағы бір желі қолданушысы "жаңа" купюраның суретін жүктепті. Онда Алматыдағы атышулы тиіннің суреті бар екен.

Ұлттық банк Zakon.kz-ке берген мәлімдемесінде бұл купюралардың жалған екенін ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1742709-zelide-10-my-tegelik-zaa-banknotany-suretteri-tarap-ketti/

pixel