Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілік кезіндегі төсек қатынасы: Қалай дұрыс айналысу керек?

Опубликовано:

Жүктілік кезінде төсек қатынасымен жиі айналысқан дұрыс па? Жұбайлар арасындағы жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек? Босанғаннан кейін қанша уақыттан кейін әйеліңізге жақындауға болады? Осы секілді кез келген жас жұбайларды қызықтыратын сұрақтардың жауабын NUR.KZ порталынан оқыңыз.

Жүктілік кезінде төсек қатынасымен қалай дұрыс айналысу керек?
Жүктілік кезінде төсек қатынасымен қалай дұрыс айналысу керек?: UGC

Екіқабат келіншекпен төсек қатынасына түсуге бола ма және қалай?

Гинекологтар жүктілік кезіндегі жыныстық қатынасқа қарсы емес, керісінше қолдайды. Жақын қатынас кезінде аналық жыныс мүшесі шынығып, созылуға үйренеді. Сондықтан болар, кейбір әйелдерде босану барысында еш жері жыртылмайды. Дегенмен, дәрігермен ақылдасып тұруды ұмытпаңыз.

Жыныстық қатынасқа қаншалықты жиі түскен дұрыс?

Аяғы ауыр әйелдердің төсек қатынасын жиі қалауы қалыпты жағдай. Сондықтан көпшілігіміз қаншалықты жиі жақындасуға болатынын білмей жатамыз. Дәрігерлер сондай жақын қатынасқа аптасына 1-2 рет қана түсуді ұсынады.

Әсіресе жүктіліктің соңғы кезеңдерінде жыныстық қатынастан мүлде бас тартқан дұрыс, себебі кез келген уақытта толғақ басталып кетуі мүмкін.

Босанғаннан кейін қанша уақыттан кейін жақындасуға болады?

Бұл сұрақты әрбір әйел өз гинекологына қойғаны дұрыс. Себебі жыныстық қатынас жас ананың денсаулығы толықтай қалыпқа келгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1742730-zktilik-kezindegi-tsek-katynasy-kalaj-drys-ajnalysu-kerek/

pixel