Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар баланы тез көтеру үшін балық жеу керек екендігін дәлелдеді

Опубликовано:

Британиялық ғалымдар балықтың әйел адамның денсаулығына әсерін, тіпті оның тез арада бала көтеруге көмектесетінін дәлелдеді. Теңіз тағамдарының біз біле бермейтін пайдасы туралы NUR.KZ порталынан оқи аласыздар.

Фото: pohnews.org
Фото: pohnews.org: UGC

Британиялық ғалымдар бала көтеруді жоспарлап жүрген 501 жұпқа тәжірибе жүргізді. Олар жұбайлардың теңіз тағамдарын қаншалықты жиі қабылдағанын бақылап, жыныстық қатынасқа арнайы күнделік те арнады.

Нәтижесінде аптасына кемінде екі рет теңіз тағамдарымен тамақтанатын жұптардың төсек қатынасымен жиі айналысатыны анықталды. Зерттеу жұмысына қатысқан әйелдердің 92%-ы тәжірибенің алғашқы жылы бала көтерді.

Бұған балықтың қандай қатысы бар дейсіз ғой?! Ғалымдар бұның бірнеше себебін атады. Теңіз ұлулары құрамындағы цинктің көптігіне байланысты құмарлықты арттырады. Теңіз тағамдарын көп мөлшерде пайдаланған жұптар уақыттың көп бөлігін бірге өткізген.

Сонымен қатар балықтың құрамындағы омега 3 витамині сперма мен жұмыртқа жасушаларының сапасын жақсартады және бала көтеруде маңызды рөл атқаратын прогестерон гармондарын бөліп шығарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1742835-galymdar-balany-tez-kteru-sin-balyk-zeu-kerek-ekendigin-dleldedi/

pixel