Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пара сұраса береміз": Отандық тележүргізуші Денистің өліміне қатысты ойын ашық білдірді

Опубликовано:

Отандық тележүргізуші көлік ұрыларының құрбанына айналған Денис Теннің өліміне қатысты өз пікірін білдірді. Журналист бұл оқиғаның астарында үлкен әлеуметтік мәселе жатқанын айтып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұржан Еркінұлы өзінің Instagram парақшасына қайғылы жағдайда қаза болған танымал спортшының өліміне қатысты ойын ортаға салған. Ол әлеуметтік желіде өзекті жазба жариялаған.

"Денистің өліміне бәріміз кінәліміз! Әділетсіздікке көз жұмамыз. Біреу пара сұраса береміз, бірімізден ұрлаған айнамызды біріміз сатып аламыз! Сол Карситидегі точканы білсек те ештеңе істемедік.

Система дұрыс емес. Білеміз. Үндемейміз. Скорый келіп болмайды. Әр минут санаулы кезде через весь город басқа жерге апарған!

Балам ауырғанда скорый шақырғанмын. Олар машина жібермес бұрын бес минут телефонмен анкета толтырдық! Балам судорога ұстап жатыр, ал олар бізде сондай ереже дейді! АҚШ-ты жамандайды, ол жақта 911 звондап тек адрес айтсаң жеткілікті.

Денистің өлімінен соң оянатын шығармыз!!!

Әйелімді мошенниктер алдап кеткенде арыз жазғанмын. Следователь вечно занят, телефонын көтермейтін болды соңында! Қылмыскер бостандықта! Біреулер оларға ақша берсең ғана қимылдайды дейді!

Менттер сол айна ұрлап сататын теманы жақсы біледі. Сонда да ештеңе өзгермейді.
Жүйелі түрде өзгеріс керек! Даже Ютубты блокировать еткенге де үйрендік. Үндемейміз! Көнеміз!

Денис елдің имиджін арттырды. Бізге керегі сол атақ қой! Бүкіл әлем таниды. Сол бүкіл әлем оны шаңқай түсте қолдан өлтіргенімізді білді!

Қолдан келгенше қылмыспен, әділетсіздікпен күресейік!", - деп жазды жүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1743298-para-srasa-beremiz-otandyk-telezrgizusi-denisti-limine-katysty-ojyn-asyk-bildirdi/

pixel