Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сіз өміріңізде дәмін татпаған экзотикалық жемістердің бар екенін білесіз бе?

Опубликовано:

Түрін көрмек түгілі, атын естімеген экзотикалық жемістер бар болып шықты. Кескіні ерекше жемістер жайлы ofigenno.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы баяндайды.

Фото: ofegenno.com
Фото: ofegenno.com: UGC

1. Будданың қолдары.

Бұл жеміс әрі тәтті әрі қышқыл. Будданың қолдарын Қытай мен Үндістанда, Жапонияда күнделікті қолданады екен.

Фото: ofegenno.com
Фото: ofegenno.com: UGC

2. Айдаһардың көзі немесе лонган.

Қытайдағы ең танымал жемістердің бірі. Оны жергілікті тұрғындар десерт пен сорпаға қосу үшін пайдаланады.

Фото: ofegenno.com
Фото: ofegenno.com: UGC

3. Лукума.

Перу мен Коста-Рикада өсетін тәтті жеміс. Оны тағамға қосымша қоспа ретінде қосады. Ал өзін жесеңіз сәлден соң аузыңызға жағымсыз дәм келуі мүмкін.

Фото: ofegenno.com
Фото: ofegenno.com: UGC

4. Джекфрут

Салмағы 30 келіге дейін жететін алып жеміс. Оның атауы да "дөңгелек әрі үлкен" деген мағынаны береді екен. Қатты піскен уақытында шіріген пияз секілді иіс шығаратындықтан, адамдар оны көктей жейді екен. Айта кететіні, дәмі кепкен бананға ұқсайды.

Фото: ofegenno.com
Фото: ofegenno.com: UGC

5. Тамаринд

Африка мен Оңт. Африка елдерінің сүйікті жемісі. Тамаринді толық піспеген уақытында ащы тағамдар дайындауға пайдаланса, жеміс толық піскенде тәтті күйге ауысады екен.

Фото: ofegenno.com
Фото: ofegenno.com: UGC

6. Луло

Сырты апельсинге ұқсас жемістің іші, әлі пісе қоймаған қызанақты еске түсіреді. Колумбия мен Эквадор тұрғындары бұл жемісті сүйіп жейді екен. Лулодан бір уақытта ананас пен қызанақтың, құлпынайдың дәмін сезіне аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1743382-siz-miriizde-dmin-tatpagan-ekzotikalyk-zemisterdi-bar-ekenin-bilesiz-be/

pixel